Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығы қарсаңында жаңа елордамыз Астана қаласында тұңғыш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитін жоғары деңгейде өткізді. Мұны біз Қазақстан Президентінің бағындырған ең жоғары белестерінің бірі деп есептейміз.
Статистикаға жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстанда 48 000 жасөспірім ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар ретінде тіркеуде тұрады, ал тіркелмегендер саны беймәлім. Дегенмен, қазіргі кезде Қазақстандағы балалар үйіндегі тастанды балалар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған, оған себеп баланы патронатты асырап алу, сәбиі жоқ отбасылардың баланы көптеп асырап алуы және жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік көмектің ұлғаюы.
Бүкіл қазақстандықтарды ЕҚЫҰ Саммитінің жоғары деңгейде өтуімен арнайы мектеп-интернат басшылығы және ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын. Алда келе жатқан жаңа 2011 жыл жаңа табыстар әкелсін деп тілеймін. Еліміздің туын жоғары ұстап, қырандай самғап, биік шыңдарға қол жеткізе берейік дегім келеді. Қазақстанның өркендеуі мен дамуына ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтік оңалту арқылы біз де өз үлесімізді қосатын боламыз.
Ш.СӘРСЕНБАЕВ, облыстық арнайы мектеп-интернат директоры.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.