• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары

671 рет
көрсетілді

Қазақстан Республика­сы­ның Пре­зиденті Н.Ә. Назар­баевтың 2010 жыл­ғы 29 қаң­тардағы «Жа­ңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу – Қазақ­станның жа­ңа мүмкін­діктері» атты Қазақ­стан хал­қы­на Жолдауында «...Қа­зақ­стан ТМД-дағы интегра­ция­лық үдерістердің белсенді қа­ты­­су­шы­сы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаң­тардан бастап күші­не енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден ода­ғының құ­ры­луы – бұл қазақ­стандық бар­лық интегра­циялық бас­та­ма­лар­дың серіппелілігі. Үш ел ин­те­гра­ция­сы­ның келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап Бір­тұтас эко­но­ми­калық кеңістіктің қа­лыптас­тыры­луы болады. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозға­лысы қамтамасыз етілетін инте­гра­ция­ның әлде­қайда жоғары дең­гейі» деп атап көрсетілген. Осылайша, Кеден одағын құ­ру біздің мемлекеттері­міз­дің не­ғұр­лым тығыз кірігуі­нің қажет­ті­лігі­нен туын­дады және мемлекеттердегі эконо­ми­ка­лық әлеует­ті ескере оты­­рып, өзара инвести­ция­лар­­д­ы тар­­туға және бірлескен өн­діріс­терді құру үшін қо­лайлы жағдай­лар­ды қамта­масыз етуге бағытталған. Кеден одағы және Біртұ­тас эко­номикалық кеңістік (БЭК) ту­ралы шарт жасасу рынок ше­ка­ра­ларын бір мем­лекеттің аума­ғынан үш мем­лекеттің аумағына дейін кеңей­туге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар та­раптардың монополияға қар­сы ұлттық органдарының бә­се­келес­тік саясатты іске асы­рудың бір­ыңғай тәсілдерін, қа­ғидаларын, сондай-ақ БЭК-ке кіретін елдер­дің аумақтарын­дағы бәсекелес­тікке қарсы іс-әрекеттерді анық­тау мен жолын кесуді қамтама­сыз ете­тін бәсекелестіктің қағи­даларын қайта қарауын талап еткен болатын. Сондықтан Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері бас­­шы­ларының тапсырмасы бойын­ша БЭК-тің құқық­тық негізі бо­лып табылатын 17 келісім әзір­ленді, олар тауарлар­дың, қызмет­тердің, ка­питал мен жұмыс күші­нің қозға­лысын реттейді. Тауар­лардың, қыз­меттердің, капитал мен жұмыс кү­ші­нің қозғалысы тәрізді негізгі төрт қағидатқа біз БЭК шеңберінде қарым-қаты­нас­ты қалыптастыра отырып, ұмты­луымыз қажет. Тұтастай алғанда БЭК-тің шарт­тық-құқықтық базасын қа­лып­тас­тыратын барлық 17 келісімді төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – келісілген экономи­ка­лық саясатты жүр­гізуді қамтама­сыз етуге тиіс келісімдер. Екінші блок капи­­тал мен жұмыс күші қозға­лысының еркіндігін қам­та­масыз етуге бағытталған. Ке­лі­сім­нің үшінші тобы жұмыс күші қозға­лысының еркіндігін қам­та­масыз етуі тиіс. Төр­тіншісі таби­ғи монополиялар қызметтеріне қолже­тімділікке қа­тысты. Жоғарыда көрсетілген келісімдер пакетіне сондай-ақ Бәсе­ке­лестіктің бірың­ғай қағидат­тары мен қағидалары туралы келісім кіреді. Осыған сәйкес, БЭК-ке кі­ретін елдердің аумағында бәсеке­лес­тіктің бірыңғай қа­ғи­даттары мен қағида­лары қолданыста бо­ла­ды, олардың мақсаты тауар­лар­­дың, қыз­мет­тердің және ка­пи­талдың еркін қозғалысын, эко­­номи­ка­лық қызметтің еркіндігін жә­не Кеден одағына қатысушы мемле­кеттердің бірыңғай кедендік аумақта тауар рынок­тарының тиімді жұмыс істеуін, тараптар­дың бәсекелестік саясат сала­сын­дағы заңнама­ны үйлесті­руі және өзара сау­даға теріс әсер ету­ге қабілетті іс-қимылдарға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін бірың­ғай бәсеке­лестік сая­сатты қа­лыптастыру болып табылады. Келісім шеңберінде ұлт­тық заңна­маларды үйлестіру, моно­по­лияға қар­сы заңна­ма­ның бұзы­луын тексеру, эконо­микалық шо­ғырлануға бақы­лау жасау, моно­полиялық инф­рақұры­лым­ға тең қолже­тімділікті қамтамасыз ету жө­нін­дегі эксаумақтық өкілет­тік­­терге ие болуы тиіс бәсеке­лестік саясат са­ла­сындағы бірыңғай ұлт үстілік ор­ганды құру көз­де­леді. Осылайша, келісімде мо­но­по­лияға қарсы ұлт үсті­лік орган­дардың ша­руа­шылық жүргі­зуші субъек­ті­лердің екі немесе одан көп тараптар аумағындағы транс­шека­ралық рыноктарда бәсе­ке­лес­тікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін бәсе­келес­тікке қарсы іс-қимылдарға, атап айтқанда, жо­сықсыз бәсе­ке­лестікке, бәсеке­лестікке қар­сы келісімдерге, бә­се­ке­лестік рынокта үстем жағ­дай­ды теріс пайдалануға тыйым салу­ларды сақ­тау бөлігіндегі бақылау жөніндегі өкі­лет­тік­терді жоғары ұлт үстілік органға кезең-кезең­мен бе­ру көздел­ген. Жоға­рыда көр­­се­тілген өкілеттік­тер шең­бе­рін­де жоғары ұлт үстілік орган, бір жә­­не одан көп тарап­тардың аума­ғын­дағы транс­шекаралық ры­нок­тарда бәсе­келестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүм­кін келісімде белгіленген бәсеке­лестік қағидаларының бұзылу бел­гілерінің болуы туралы өті­ніш­терді (материалдарды) қарай­ды, оның ішінде қажетті тексерулерді жүргізеді.  Та­рап­тардың уә­кі­летті органда­рының, тарап­тар­дың шаруа­шылық жүргізуші субъек­ті­лердің (рынок субъек­тіле­рінің), тарап­тардың билік ор­ган­дарының, жеке тұлға­лар­дың өтініштері негізінде немесе өз бас­тамасы бойынша бір және одан көп тараптардың аумағын­дағы транс­ше­каралық рыноктарда бәсеке­лес­тікке теріс әсер ете­тін немесе әсер етуі мүм­кін келісімде белгіленген бәсеке­лес­тік қағида­лары­ның бұзылуы туралы іс қоз­­ғайды және қарай­ды. Ай­қында­ма­лар шығарады, ша­руа­шылық жүр­гізуші суб­ъек­тілердің  орындауы үшін міндетті, оның ішінде осы келісімде көз­делген жағ­дайларда шаруашылық жүр­гізуші субъек­тілерге санкциялар қолда­ну тура­лы шешімдер қабылдайды. Келісім ережелерінің бұзылғаны ту­ра­лы өтінішпен Еуразиялық эко­номикалық қоғамдастық сотына жүгінеді және осы соттың істерді қарауына қа­ты­сады. Сол сияқты келісім­нің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілет­тіктерді жүзеге асырады. Осылайша, аталған келісім интег­рацияланған үде­ріс­тің бір қатысу­шыларының екінші қаты­сушылардың ал­дында негізсіз ар­тықшы­лықтар алуына жол бермеуге бағытталған. Монополияға қарсы ор­ган­­дар­дың бірлескен іс-қи­мыл­дары­ның маңыз­дылығын Қазақстан Рес­публикасы Бә­се­келестікті қор­­ғау агент­тігінің (Мо­но­по­лия­ға қарсы агенттік) Ресей Фе­­дера­циясының Федералдық мо­но­полияға қарсы қызметімен (Ре­сей ФМҚ) бірге Қазақ­стан мен Ресей Феде­ра­ция­сының ірі ұялы байланыс опе­­ратор­ларына қатысты моно_по­лия­ға қарсы заңнама­ның бұзы­лу­лары­на бірлесіп тергеу жүргізуі көрсетіп бер­ді. Осы тергеу Қа­зақ­стан жә­не Ресей ұялы байланыс опера­торларының халықара_лық роу­минг қызметтеріне қол­дана­тын тарифтерінің жо­ға­ры екендігін көрсетті. Екі елдің моно­по­лияға қарсы органдары халық­ара­лық роумингке негізсіз жоға­ры тариф­тер белгілеу жөніндегі ұя­лы байланыс опера­торла­ры­ның іс-қи­мылдарын монопо­лия­ға қарсы жоғары бағалар белгілеуге ба­ғыт­­талған үстем жағдай­ды теріс пайдалану ретінде бағалады. Істерді қарау шеңберінде қа­зақ­стандық ұялы байланыс опе­ра­торлары қазақстандық тұ­­ты­ну­­шылар үшін ха­лық­­ара­лық роуминг қызмет­теріне тарифтерді өз еркімен төмендетті. Ресей ұялы байланыс операторлары да ха­лы­қаралық роуминг қыз­мет­теріне та­риф­терді төмен_деткені туралы ха­барлады. Бұл Қазақстан Респуб­ликасы мен Ресей Федера­циясының мо­но­полияға қар­сы органдарының бірлескен күш-жігерінің арқа­сында трансшекаралық сипатқа ие монополияға қарсы заңна­ма­ның бұзылуының жолын ке­су­дің үлгісі болып табылады. Қазіргі уақытта бір және одан көп тараптардың аума­ғын­дағы транс­ше­каралық рынокта бәсеке­лес­тікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүм­кін, оның ішінде бә­секе­лестікке қар­­сы іс-әре­кет­терді анық­тау жә­не жолын кесу бөлігін­дегі тарап­тардың ры­нок субъек­тілерінің қаты­суы­­­­мен бо­ла­­тын қа­ты­нас­тар Бәсеке­лестік­тің бірыңғай қа­ғи­дат­тары мен қағидалары туралы келісім­нің ережелерімен реттелетін болады. Еуропалық одақты құрудың және оның жұмыс істеуінің оң тәжірибесін назарға ала отырып, Кеден одағы шеңберінде осы келісімді қабылдау және оны қол­дану арқылы тарап­тар­дың БЭК-тің бірыңғай бәсекелестік сая­сат­ты жүргізуі және тауар рыно­гындағы тең бәсекелестік шарт­тарын қамтамасыз етуі тарап­тар­дың тиімді экономикалық дамуы үшін артықшы­лық тудырады деп есептейміз. Нұрлан ӘБІТҚАНҰЛЫ, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жауапты хатшысы.