• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Елбасы қабылдады

332 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабыл­да­ды, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касы Пре­зидентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Мәми Мемлекет басшысына ағым­дағы жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және алдағы жылға белгіленген басым міндеттер, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағ­дайы туралы баяндады. 2010 жылы прокуратура ор­гандары еліміз Президентінің құқық қорғау органдары қыз­метінің тиімділігін одан әрі арттыруға және жетілдіруге, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруге, азаматтардың құ­қық­тары мен мүдделерін қор­ғауға кепілдікті күшейтуге ба­ғытталған тапсырмаларын іске асыру мақсатында еңбек етті. Прокуратура органдары та­ра­пынан сондай-ақ қаржылық дағдарыстың салдарын еңсеру, соның ішінде банктік жүйені қал­пына келтіру, үлескерлік құ­рылысқа қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, бизнесті қорғау жөніндегі ша­раларға баса назар аударылды. Бас прокуратура қызметінің және бір маңызды бағыты ұй­ымдасқан қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес, экология саласындағы құ­қықтық проблеманы шешу болды. Прокуратура органдары қа­был­даған шаралардың нәти­же­сінде 552 мың заң бұзушылық жойылды, 685 мыңнан астам аза­маттың конституциялық құ­қы­ғы қорғалды. Заңсыз қабыл­данған 50 мыңнан астам құ­қықтық актілер өзгертілді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстар жалғасын тауып, олардың қыз­ме­тін тексеруге байланысты мемлекеттік органдардың заң­сыз әрекеттеріне тосқауыл қой­ылды. Барлық аумақтық про­куратура органдарында шағын және орта бизнес субъек­ті­лері­нің құқығын қорғау жө­нінде арнайы жедел топтар құрылды. Ағымдағы жылы 2809 заң­сыз тексерулердің алды алынды, бұл 2009 жылмен са­лыс­тыр­ғанда 3 есе көп. Ша­руашылық субъектілерінің қыз­метін тексеру туралы 2000-нан астам актіні тіркеуден бас тартылды.