Жеделхат
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановқа
Біздің Байзақ ауданының тұрғындары биылғы Тәуелсіздік мерекесін үлкен экономикалық табыстармен қарсы алды. Соның нәтижесінде олардың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйлері жылдағыдан да жақсара түскен. Бұл олардың мәдени және рухани өмірінен де айқын байқалуда. Яғни, бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданының тұрғындары 2011 жылға 1550 дана «Егемен Қазақстан» газетіне жазылды.
Ауданның қарапайым тұрғындарынан бастап зиялы қауым өкілдеріне дейін халықты бірлік пен тірлікке, бақ пен берекеге, сабыр мен ақылға шақырып отырған еліміздегі бірден-бір басалқалы басылымға жазылуды ұмытқан жоқ.
Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, Байзақ ауданының әкімі.
Жамбыл облысы.
* * *
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап елімізде мерзімді баспасөзге жазылу науқаны жүрді. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы билік органдары аталмыш жұмыстың саяси маңыздылығын ескере отырып, республикалық басылымдарға жазылуды ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетті. Егеменді еліміздің айнасы – «Егемен Қазақстан» газеті облыстағы таралымы жоғары басылымдардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 13317 дана жазылып алынды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 600 данаға көп.
Г.ҚАҢТАРБЕКОВА, Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.
* * *
Еліміздің бас басылымы – «Егеменнің» қай тақырыпты да қалыс қалдырмай, қаузай жазуы оқырмандар алдында үлкен беделге ие етіп келеді. Тәуелсіздіктің тірегі, елдіктің айнасына айналған газеттің қызықтыратыны да сондықтан. Әсіресе, ұлтымыздың тарихына, салт-дәстүріне, тілі мен діліне байланысты, ұлттық бірлік пен ынтымаққа қатысты материалдары тұщынтады. Ұлт зиялыларының ұлағатты пікірлері, ұлағатты ойлары да газет бетінде тұрақты жарияланып тұрады. Спорт пен мәдениет, денсаулық сақтау мен білім беру мәселелері де назардан тыс қалмайды. Елдіктің сөзін сөйлейтін басылымның айтары айқын, сөзі салмақты, ойы орнықты.
Жалпы, біздің ауданда газеттің жанашырлары көп.Жылдағыдай биыл да алдағы жылдың мерзімдік басылымдарына жазылу ұйымшылдықпен жүргізілді. Соның ішінде «Егеменге» белгіленген межеден асып түстік. Қазірдің өзінде бас басылымға 900-ден астам оқырман жазылды. Межеленген көрсеткіш асыра орындалды. Жазылу әлі де жүріп жатыр.
Жангелді ҚҰРМАШЕВ, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары.
Ақтөбе облысы.