• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2010

Дерек пен дәйек

421 рет
көрсетілді

36 200 000 000 Өңірдің денсаулық сақтау  саласына  ағымдағы жылы  бюджеттен осыншама теңге бөлінген Өңір халқының денсаулығын қорғауда 902 медециналық мекеме жұмыстанса, оның 845-і мемлекеттік, 57-і жекеменшік болып саналады. Қазіргі кезде Елба­сы­ның тапсырмасымен 6 меди­ци­на­лық нысан құрылысы қауырт жүр­гізілуде. «Жол картасы» бағдар­л­а­ма­сы­мен 15 нысанға респуб­ли­ка­лық және облыстық бюджеттен 640,0 млн. теңге бөлініп, құры­лыс жұмыстарына 800-ге жуық адам тартылған.  Сондай-ақ ха­лық­аралық стандарттар деңгейін­дегі құрал-жабдықтар алынуда. Олар­дың қатарында компьютерлік томограф, 8 маммографиялық қондырғы, аудандар мен қала­ларда теле және мобильді меди­циналық орталықтар бар. Өңірдегі денсаулық сақтау са­ласын қаржыландыру жайы жыл санап жақсарғанының нәтижесін­де халықтың денсаулығына деген қамқорлық ауқымы да өсуде. Мәселен, 2010 жылы денсаулық сақтау саласына 36,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, бұл өткен жыл­ғыға қарағанда 14,3 пайызға көбейгенін көрсетеді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 2 500 000 000 Үстіміздегі жылы  облыстағы  24 сумен жабдықтау  нысандарын қалпына келтіру үшін «Ауыз су»  бағдарламасы бойынша осыншама теңге  бөлінді Оның 21-і республикалық, қалғаны жергілікті бюджеттен қар­жыландырылды. Соның нәти­же­сінде 265,5 шақырым су құ­бы­ры желілері жөнделіп, 51,5 мың­нан астам тұрғыны бар елді мекендер сапалы ауыз сумен қам­та­масыз етілді. Бұдан басқа биыл 11 жобаны  жүзеге асыру жоспар­лан­ған-ды. Оның 8-і респуб­ли­калық бюджеттен қаржыланды­ры­лыпты. Оған Алға және Қар­ға­лы аудандарындағы 6 елді ме­кен­­нің, Ембі қаласы мен Мәртөк ауда­нындағы Хлебодаров ауы­лы­ның  су құбырлары жөнделуі тиіс. Сондай-ақ, 1,3 миллиард тең­ге­ге бағаланған 13 нысан 2011-2012 жылдары жөнделеді деп күтілуде. Облыста ауыз судың са­па­сы жақсарып келеді. 2002-2009 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 71 елді мекенде ауыз су мәселесі шешілді. Бағдарлама аясында жүзеге асырылмаған жобалар 2011-2020 жылдарға арналған республика­лық «Ақбұлақ» және облыстың  2011-2015 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту бағ­дарламаларына кіргізілген. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

742 500

Өткен жылғы санақ бойынша  облыс халқының саны осыншама адамды құраған еді Ал, жалпы, 1999 жылғы санақ бойынша облыс халқы 807 мыңға жеткен еді. Бұл күндері облыс­тағы қала халқы 504,6 мың адам болса, ауылда тұратындардың саны 237, 9 мың адам. Облыс ор­талығында қала аумағына қа­рас­ты Кенжекөл, Мойылды, Шәукен ауылдарын қосқанда барлығы 333,4 мың адам тұрады. Сөйтіп, осыдан он жыл бұрынғы халық санағымен салыстырғанда қала­лық­тар 6,9 мың адамға, ал ауыл халқы 57,6 мың адамға азайған. Яғни, облыста қала халқының үлесі 68 пайызға жетсе, ауыл халқы – 32 пайыз. Қалалықтар қатарының көбеюі жөнінен биыл біздің облыс еліміз өңірлерінің бірінші үштігіне енді. Жалпы, облыстық статистика мәліметтері бойынша облыста 353,7 мың қазақ, 288 мың орыс, 20,7 мың неміс, 40,1 мың украин тұрады екен. Қалған 2,8 пайызды басқа ұлт өкілдері құрайды. Бәрінен бұрын қуаныштысы, облыста тұратын қазақтардың үлесі 47,6 пайызға жеткені. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.