• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Микроавтобусты сыйға тартты

461 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан халқы Ас­самблеясының бастамасымен орыс, казак және славян ұйым­дары үй­лес­тіру кеңесі ТМД елдеріндегі ал­ғашқы орыс театрының бірі бо­лып табылатын М. Горький атындағы орыс драма театрының ұжымына, театрдың 110 жылдығына арнап «Toyota Hiace» микроавтобусын сыйға тартты. Шараға Қазақстан­дағы шетелдік дипломатиялық миссиялар басшылары, театрдың шы­ғар­машылық ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Онда орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төр­ағасы Юрий Захаров құттық­тау сөз сөйледі. «Бұл театрдың тарихы Қазақстан толерантты­лы­ғының тарихы. Осыдан 110 жыл бұрын, ХХ ғасырдың басында, яғни 1900 жылдың өзінде қазақ даласында орыс театры болған. Мұның өзі Қазақстан халқы Ас­самблеясы қызметінің негізгі бағы­тының бірі болып табыла­тын «әр алуандылық бірлігі фор­муласының» дәлелі. Бүгінде формула Қазақстан халқының рухани дамуының іргетасы болып табы­лады. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Қазақстан халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілдерін дамытуға жағдай жасауға бағытталған саясаты – бірліктің жолы, ұлт ру­хы­ның өркендеу жолы. Театр әр­- қашан қоғамды «тәрбиелеу мектебі» болған және солай болып қала береді. Бүгінде мұндай мәдениет ошағы біздің бәрімізге де қажет» – деді ол өз сөзінде. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.