• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Стратегиялық әріптестікті нығайту жолында

449 рет
көрсетілді

Кеше Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің Қазақстанға ресми сапары басталды, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Өзінің қытайлық әріп­те­сімен кездесуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ағымдағы жылы біздің елдеріміздің басшылары қа­былдаған Стратегиялық әріп­тестікті орнату және дамыту жөніндегі бірлескен деклара­цияға 5 жыл толға­нын, атал­ған құжат тек екі­жақ­ты қа­рым-қатынасты да­мы­ту үшін ғана емес, бүкіл аймақтағы бейбітшілік пен тұрақты­лық­ты орнатуда да маңызы зор құжат болып табы­ла­тынын атап өтті. ҚР Мемлекеттік хат­шы­сы – Сыртқы істер министрі атап өткендей, Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына ҚР Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев пен ҚХР Төраға­сы Ху Цзиньтаоның дәстүрге айналған жиі кездесулері айтарлықтай қарқын беруде және екі көшбасшының қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыруға барлық күш-жігер жұмсалатын болады. Екі ел сыртқы саясат ве­домстволарының басшыла­ры Астана мен Бейжің ара­сындағы ынтымақтас­тық­тың стратегиялық ерекшелігін атай отырып, екіжақты негізгі мәселелерді, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік ахуалын талқылады. Кездесу барысында келесі жылдың басына жоспар­лан­ған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға сапарына дайындық жұмыс­тарын бастау жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Халықаралық бірлестіктер аясындағы, атап айт­қан­да, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясындағы, өзара ықпал­дас­тықты, Азия-Тынық мұхит аймағындағы түрлі пішіндердегі ынтымақтастықты тал­қылай отырып, тараптар лаңкестік, экстремизм және сепаратизм секілді үш қа­термен бірлесіп күресу жө­ніндегі ұстанымдары өзгер­мегендігін тағы да қуаттады. Осы және басқа да мәсе­лелер кездесу қорытындысы бойынша екі ел сыртқы істер министрлері қол қойған ҚР мен ҚХР сыртқы саясат ве­домстволары арасындағы 2011-2013 жылдарға арнал­ған ынтымақтастық жөнін­дегі меморандумда көрініс тапқан.