Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен құқық қорғау қызметі мен сот жүйесін реформалау мәселесі жөнінде кеңес өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар, оның ішінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, бизнесті құқық қорғаушы органдар тарапынан көрсетілетін қысымнан қорғау, сондай-ақ олардың жұмысының тиімділігі мен айқындылығын арттырудың одан арғы бағыттары талқыланды.
* * *
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Радиожиілік жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Елімізде 3G стандартындағы ұялы байланыс жүйесін енгізу және 4G байланыс жүйесіне көшу, сондай-ақ сандық телехабар енгізу мәселелері қаралды.
Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.