• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Тиімді серіктестік көрінісі

388 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов Қытай Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан мен Қы­тай арасындағы стратегиялық әріп­тестік, көршілес, достық және өзара тиімді сенімділікке негізделген байланыстың жыл сайын нығайып келе жатқаны айтылды. Ынтымақтастық байланыс ал­да­ғы уақытта да жалғасын таба­ты­ны сөзсіз. Оған келесі жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның біздің елге жасайтын ресми сапарлары негіз болмақ. Өзара байланыстар, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жүзеге асып келеді. Ян Цзечи: «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес (АӨСШК) Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген ұйым. Ол халық­аралық үнқатысу алаңы ретінде қарқынды даму алып отыр», – деді. Алдағы уақытта парламент­аралық тәжірибе алмасуды дамы­ту қажеттігі айтылды. Ян Цзечи Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның ыстық сә­ле­мін жеткізді және келесі жылы өз еліне келуге шақырды. Мәжіліс Төрағасы шақыруға ризашылығын білдіріп, еліміздің атына айтқан жылы пікірі үшін алғысын жеткізді.