Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечиді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мемлекетаралық қатынастардың ауқымды салалары, оның ішінде парламентаралық үнқатысу, сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасылды.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының шын мәнінде стратегиялық сипаты бар және тату көршілестік қатынастардың түрлі салаларындағы байланыстардың қарқынды дамуы екі елдің мүдделеріне қатысты мәселелерді шешуде өзара сенім мен қолдауға ие болып келеді.
Қ.Тоқаев Халық Өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоға ізгі тілектестігін жолдай отырып, оған Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын нақтылады.
Төраға екі ел үшін екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдету тұрғысынан ғана емес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылда да 2011 жыл аса маңызды деп санайды. Қазақстан төрағалық ететін ұйымның мерейтойлық саммиті Астанада өтеді.
Өз кезегінде Я.Цзенчи Сенат Төрағасына ХӨБЖ төрағасы У Бангоның сәлемі мен Жаңа жылдық құттықтауын жеткізді және екі халықтың достығы мен өзара түсіністігін нығайту үшін биылғы шілдеде Женевада өткен Парламенттер төрағаларының дүниежүзілік 3-ші конференциясы аясындағы кездесулері маңызды болғанын атап көрсетті.