Еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарында қысқы маусым аралығында ауа райының қолайсыз жағдайына (боран, жолдың нашар көрінуі және т.б.) байланысты жиі болып тұратын төтенше жағдайлар жайында, сондай-ақ автокөлік жолдарының жабылған учаскілері жөніндегі мәліметтер Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtk.gov.kz, Автомобиль жолдары комитеті www.kad.gov.kz және “Қазақавтожол” РМК-ның www.kazavtodor.kz сайтында орналастырылады. Мұнымен қоса, (7172) 44-46-85, 8-777 537 46 14 нөмірлері бойынша тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
Күн сайын республикалық маңызы бар автожолдар жағдайы туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып тұрады, деп хабарлады “Қазақавтожол” РМК баспасөз қызметі.