«Жыл ұстазы» аталымында Вадим Моторин атанды, «Жыл дәрігері» атағына Жақсылық Досқалиев ие болса, Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы» деп танылды. Ал «Батыл жүрек» сыйлығы Астана-Бурабай тас жолында болған көлік апатында жапа шеккендерді құтқару кезінде қаза тапқан Құмарбек Жәкетайға берілді. Ал боксшы Василий Левит «Халықтың үздік чемпионы» ретінде марапатталды.
«Алтын дәуір аталымында — Юрий Померанцев, «Жылдың үздік қоғамдық қайраткері» — Салтанат Рахимбекова, «Жыл саясаттанушысы» — Айдос Сарым, Талғат Кірбетов атындағы сыйлық — Сәби Байбосыновке берілді.
«Үздік Fashion қайраткер» — Аида Кауменова, «Жыл парламентарийі» — Нұртай Сабильянов, «Жыл меценаты» — Қажымқан Мәсімов, «Жыл бизнесі» — «Албастройдор» ЖШС, «Киноиндустрия беделдісі» — Әділ Аxметов, «Жыл эстарада әртісі» — Мейрамбек Беспаев, «Жылдың үздік тележүргізушісі» — Гүмира Дайрабаева, «Үздік ақпараттық портал» — Matrica.kz, «Жетістік пен даму» аталымында — Жанарыс Еңсепов, Дмитрий Петрухин, «Үздік блогсфера көшбасшы» — Гауxар Өтелбаева, «Жыл публицисі» — Талғат Қалиев, «Жыл фермері» — Бақдәулет Маxашов, Жомарт Омаров, «Жыл бизнесмені» — Сайран Хамзин, «Елорданың дамуына қосқан үлесі үшін» — Advart жарнама-өндірістік компания.
Сыйлық иегерлері xалықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.