• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Мысырда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасады

289 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 қаңтар. Мысырдағы қонақүйдің біріне содырлар шабуыл жасап, салдарынан шетелдік азаматтар зардап шекті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Екі лаңкес Мысырдың Хургад курортты қаласындағы қонақүйге шабуыл жасаған. Дерек көздерге сүйенсек, олар қонақүйге ресторан арқылы кіріп, шетелдік туристерге қоқаң-лоққы көрсеткен. Салдарынан екі Австрия және бір Швеция азаматы зардап шеккен. Айта кетейік, жергілікті полицейлер оқиға орнына дер кезінде жетіп, бір содырды атып тастаған. Ал екіншісі атыс кезінде ауыр жарақат алған. Қазіргі таңда лаңкестердің қай ұйымнан екені анықталу үстінде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет. 24.kz.