• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Қызылордада жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

970 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 қаңтар. Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы өкімімен облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы болып Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады. Қалижан Қобландин 1980 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Ол 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастаған. 2010-2014 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, көліктегі ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының желілік полиция пункттеріне басшылық ету бөлімінің бастығы қызметтерін абыройлы атқарған. Сондай-ақ, ол 2014 жылдан осы кезге дейін Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: kyzylorda-news.kz.