• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауып, боран соғады

583 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 қаңтар. Бүгін, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауыспалы ауа райы күтіледі. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Бұл туралы ras.kz хабарлады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшеймек. Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке дейін жетеді. Қарағанды, Павлодар облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Ақмола облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Сурет: azh.kz.