• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Армияны қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етті

276 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. 2015 жылы қазақстандық армияның жарақтандырылуына «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны отандық С.М.Киров атындағы машина құрастыру зауытымен шығарылған төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын арнайы қауіпсіздік тосқауылдары келіп түсті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылы қазақстандық армияның мұқтаждығы үшін зауыт өнімнің жаңа түрі, яғни, төтенше жағдайларға арналған арнайы қауіпсіздік бөгетін игерді. Кәсіпорын тиісті құрастыру және технологиялық құжаттама пакетін әзірледі, өндірісті дайындауды жүзеге асырды. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, яғни ҚР ҚК-нің 68602 әскери бөліміне 2 мың тосқауыл жеткізіліп берілді. Арнайы қауіпсіздік бөгеті бірнеше сегменттен құралған бөлшектелетін жиналмалы торлы құрылымнан тұрады. Оның әрқайсысының ішінде геометкелден жасалған жапсырма орнатылады. Тосқауыл әскери іс-қимылдар мен лаңкестікке қарсы іс-шаралар кезінде фортификациялық құрылыстарды тез арада тұрғызу үшін арналған. Сондай-ақ оны өзендер мен су қоймаларының жағаларын бекіту үшін қолдануға болады. Құрылыс -40° С-тан + 50°С-қа дейінгі температурада қалыпты және суық климат жағдайында ашық ауда пайдаланылады. Мұндай арнайы қауіпсіздік тосқауылдары АҚШ, Израиль және Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылып жүргенін айта кеткен жөн. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz