• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Ақтауда екі ер адам дүкен иесін өлімші етіп сабады

297 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 12 қаңтар. Ақтауда екі ер адам дүкен иесін өлімші етіп сабады. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде орналасқан «Айша» дүкенінде болған. Жұбайы екеуі өз дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін 51 жастағы азамат сол күні жалғыз өзі шыққан. Жексенбі күні кешке таман дүкенге келген екі ер адамның орынсыз іс-әрекеттеріне қатысты ол ескерту жасайды. Ескертуді қаламаған сатып алушылар сатушыны соққыға жығады. Туыстарының айтуынша, қазіргі таңда зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр күйде жатыр. Көршілері дүкен иесінің тауарларды қарызға, жағдайға қарап сұраған адамға бағаларын түсіріп те беретін жомарт адам екендігін, оның қан-жоса етіп ұрудың неліктен орын алғандығын түсінбейтіндіктерін айтуда. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: tumba.kz. Сурет: podrobnosti.ua.