АСТАНА. 12 қаңтар. Түркияның Ыстамбұл қаласында ірі жарылыс болып, ондаған адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қаланың орталық алаңы – Сұлтанахмет ауданында болған жойқын жарылыстан сондай-ақ, 15 адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында Германиядан келген саяхатшылар да бар. Бәрі дер кезінде жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді.
Жарылыс трамвай аялдамасына жақын жерде болды. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Өзін-өзі жарып жіберген жанкештілердің террорлық шабуылы болуы мүмкін деген болжам бар. Тәртіп сақшылары оқиға орнында тергеу жұмыстарын бастады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.