АСТАНА. 12 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып Марат Өсіпов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада: «Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген.
Бұған дейін Марат Сапарұлы Алматы қалалық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болды. Сондай-ақ, ол ҰҚК орталық аппараты конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі болып қызмет атқарды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Ақорданың баспасөз қызметі
Сурет: knb.kz.