• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Елбасы Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті

270 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Украина президенті Қазақстанға өзінің ресми сапары кезіндегі жылышырайлы қабылдау және келіссөздер үшін алғыс айтты. Мемлекет басшылары сауданың баламалы жолдарын пайдаланудың жаңа жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қазақстан Президенті қақтығыс түйінін тарқату және Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті шешу ісінде мәмілеге келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.