• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

285 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік өңірлерінде атмосфералық көшкіндердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ал Шығыс Қазақстан облысында 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды болады. Солтүстік Қазақстанда желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Сонымен қатар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ал Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Еламан Қоңыр. Дерек: Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Сурет: all-pix.com.