АСТАНА. 13 қаңтар. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында сейсенбі күні радиостанцияның тілшісі Виктор Уго Моралестің қызметінен босатылуына байланысты митинг өтті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Журналистің қызметінен босатылуына бірден-бір себеп, эфир барысында елдің бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнерді ашық қолдағанынан болды деген болжам бар. Сейсенбі күні Пласа-де-Майо алаңында митинг өткізгендер, қазіргі басшылықтың сөз бостандығына қарсы әрекетіне наразылықтарын білдірді.
Қолдарына «Сөз бостандығына жол берілсін» деген жазуы бар плакат ұстағандар біразға дейін тұрды. Осыдан соң, «Каса росада» президент сарайының алдында қызметінен босатылған журналистің өзі шығып, сөз сөйледі: «Қандай да бір жағдайда БАҚ біреудің ойын әдейі айтқызбаса, демократияның бүлінгені, міне осыда», – деді.
Аргентинаның «Континентал» радиостанциясында 30 жыл еңбек еткен белгілі журналист дүйсенбі күні орнынан кетті. Бұл әрекеттің басты себептерінің бірі, аталған мекемемен арадағы келісім-шартты бірнеше рет бұзғанынан болған. Алайда, Уго Моралес өзін цензураның құрбаны болғанын, әрі осы іске ел президенті Маурисио Макридің тікелей қатысы бар екенін айтып ақталды. Сондай-ақ, экс-президент Фернандес де Киршнердің істерін жиі сынға алатын, Аргентинадағы ең ірі Grupo Clarn медиахолдингі Маурисио Макриге тиесілі екенін айтты.
«Ел билігінің алдында ауыр міндет тұр. Халықтың қамы үшін көптеген істер істеуіміз қажет. Біз қай жерде, қандай журналист істейтінін білмейміз. Ол біздің мойнымыздағы жұмыс емес. Бұл тұрғыда пікір айтуымыз да орынсыз деп ойлаймын», –дейді арнайы ұйымдастырылған баспасөз-конференциясында Аргентина президенті Маурисио Макри.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: ru-ar.ru.