Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Қарулы Күштерінде жедел ақпараттандырудың бір түрі болып табылады. Бұл мәліметтер әскери техниканы тиімді қолдану, әртүрлі іс-шараларды орындауда ауа райы жағдайын пайдалану үшін қажет.
Қарулы Күштерді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арнайы басқарма құрылды.
Соңғы онжылдықта бірқатар қарулы шиеленістерде қаруланудың сапалы тұрғыдағы жаңа құралдары негізінде күресудің жаңа үлгілері іске асырылды. Оқшаулы соғыс пен қарулы жанжалдардың талдауы жоғары дәл қару мен орағытылған жауынгерлік іс-қимылдар дәуірінде қару-жарақ пен әскери техника үздіксіз жетілдіріліп тұратынын көрсетіп беріп отыр. Алайда, оларды қолданудың тиімділігі көбінесе гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Осыған орай, әскерлерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің маңызы арта түсуде.
Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мәселелері, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Гидрометеоролог әскери қызметшілер Қазақстан Қарулы Күштері гидрометеорологиялық бөлімшелерінің жасақталуын бақылайды, метеорологиялық мәліметтерді жинайды, талдайды және әскерлерге таратады, авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ, еліміз Қарулы Күштерінің гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыштық жұмыстар жүргізеді.
«Егемен-ақпарат».