• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №195

189 рет
көрсетілді

2015 жылғы 20 қазан, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы №195 қаулысына қосымша Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесiн бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесi бекiтiлсiн.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесi»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі және «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлейдi және Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау талаптарын, әдiстемесiн және тәртiбiн белгiлейдi.»; 1-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жалпы ережелер 1. Инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құнын айқындауды басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы қызмет етуiн олар қамтамасыз ететiн әрбiр инвестициялық қор бойынша жеке жүзеге асырады. 2. Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы мынадай талаптарды сақтай отырып, мыналарды қамтамасыз етеді: 1) инвестициялық қор активтерiнiң құрылымы: инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлемiне алынған активтер; алынған кiрiс, оның iшiнде қаржы құралдары бойынша дивидендтер, сыйақылар түрiндегi түсiмдер, сондай-ақ инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелерден болған кiрiстер; есептелген кiрiс, оның iшiнде қаржы құралдары бойынша сыйақы, қор активтерiн қайта бағалаудан болған құнының өсiмi бөлiгiнде көрсетiледi; 2) инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелетiн және инвестициялық қордың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн тұлғаларға төленетiн шығыстар: инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлемiне алынған активтер; инвестициялық кiрiс есебiнен өтелетiн шығыстарға бөлiнедi. 3. Инвестициялық қордың шоттары бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде мыналар көрсетіледі: 1) валюта түрi; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қордың активтерi және Қазақстан Республикасынан басқа, өзге мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған немесе олардың аумағындағы инвестициялық қордың активтерi; 3) қаржы құралдарының түрлерi және айналыс (қолданылу) мерзiмдерi; 4) бағалы қағаздардың эмитенттерi (бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерi), салым шарттары жасалған банктер, инвестициялық қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар көрсетiледi; 5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны; 6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін); 7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны; 8) есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы.»; 7-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7-6. Өтімді емес акциялардың құны сәйкестендірілген құн бойынша анықталады. Бұл ретте акция, егер инвестициялық қордың активтеріне қайта бағалау жүргізу күні осы бағалы қағаз Қор биржасының бағалы қағаздарының өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған өтімділіктің бірінші сыныпты бағалы қағаздарының тізіміне кірмесе, өтімді емес болып танылады. Өтімді емес акциялардың сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын қаржылық есептілігінде көрсетілген баланстық құнына акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады. Қор биржасының ресми интернет-ресурсында осындай ақпарат болмаған жағдайда, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес жарияланатын қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын баланстық құн, мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, айқындалады: он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса; жиырма төрт ай ішінде – егер ауытқу 1,5-2 есе болса; отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 еседен астам болса. Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден кейін сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады. Ереженің мақсаттары үшін жай акциялардың баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны ретінде эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде қор биржасының ережесіне сәйкес анықталатын тиісінше жай акцияларының құны мен артықшылық берілген акциялардың құны түсініледі. Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.»; 1-қосымша осы Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі − Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұр;». 3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде: 2-тармақтың қырық тоғызыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакция жазылды: ««Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингтік бағалау немесе Moody’s Investors Service, Fitch агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп Ереженiң 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдауышта және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада ұсынылады.»;»; қазақ тіліндегі 6, 10 және 20-қосымшалар Тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылды, 6, 10 және 20-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесіне 1-қосымша Бағалы қағаздардың құнсыздануын немесе құны төмендеуін тану критерийлері Критерийдің атауы Балдар саны 1 Қаржылық жай-күйі: 1.1 Тұрақты +0 1.2 Қанағаттанарлық +1 1.3 Тұрақсыз +2 1.4 Өте қиын +7 2 Кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу: 2.1 Мерзім өткізу жоқ -1 2.2 Мерзімі 7 күнге дейін өткізілген +0 2.3 Мерзімі 8-ден 15 күнге дейін өткізілген +1 2.4 Мерзімі 16-дан 30 күнге дейін өткізілген +2 2.5 30 күннен астам +3 2.6 күнтізбелік 1 жылдан астам +4 3 Кепілдіктің болуы: 3.1 Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде) -4 3.2 Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100%-дан аз кепілдігі болған кезде) (Балдар сомасы «- 4»-тен кепілдік мөлшеріне тепе-тең есептеледі) 3.3 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекетінің -3 3.4 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері -3 3.5 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитентінің -2 3.6 Кепілдігі жоқ +0 4 Белсенді нарығының болуы: 4.1 Белсенді нарық +0 4.2 Нарығы белсенді емес +1 5 Рейтингтің болуы: 5.1 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -4 5.2 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен «ВВВ-»-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -3 5.3 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -2 5.4 «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар +3 6 Рейтингі жоқ 6.1 «Бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздар -1 6.2 «Екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздар +0 7 Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар -1 7.1 Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар 0 8 Қор биржасы тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар +1 9 Дефолт, делистинг немесе рейтингті төмендету +2 10 Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі) +2 11 Ақпарат жоқ +10 Ескерту: «Ақпарат жоқ» деген критерийі бойынша балдар эмитенттің қызметі туралы ақпарат (оның ішінде қаржылық есептілігі) қор биржасының, уәкілетті органның интернет-ресурсында және эмитенттің өз интернет-ресурсында орналастырылмаған жағдайда, сондай-ақ эмитенттің өзінен қаржылық жай-күйіне талдау жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және өзге де есептілікті алуға мүмкіндік болмаған жағдайда тағайындалады. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына арналған төлем қабілеттілігі маржасын есептеу Есепті кезең: 20__жылғы «___»________ жағдай бойынша Индекс: 3-RMP_SZH_M Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұсыну мерзімі - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кеш емес Нысан _________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 1. Өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныптары үшін (мың теңгемен) Көрсеткіш атауы Жол коды Сомасы 1 2 3 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары Тәуекелі бар капиталы теріс мәнді болып табылмайтын қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары (3 жылға дейінгі мерзіммен) бойынша тәуекелі бар жиынтық капитал («1113» - «1111») 1110 Қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 1111 Сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі 1112 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 1113 Қайта сақтандырушының сақтандыру сомасындағы үлесі 1114 Тәуекелі бар капиталы теріс мәнді болып табылмайтын қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары (3 жылдан бастап 5 жылға дейінгі мерзіммен) бойынша тәуекелі бар жиынтық капитал («1123» - «1121») 1120 Қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 1121 Сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі 1122 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 1123 Сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесі 1124 Тәуекелі бар капиталы теріс мәнді болып табылмайтын қалған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелі бар жиынтық капитал («1133» - «1131») 1130 Қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 1131 Сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі 1132 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 1133 Сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесі 1134 Алдыңғы қаржы жылында жасалған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелі бар капитал («1110» + «1120» + «1130») 1140 Алдыңғы қаржы жылында жасалған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының үлесі шегерілген тәуекелі бар капитал («1140» - «1112» - «1114» - «1122» - «1124» - «1132» - «1134») 1150 Түзету коэффициенті (егер «1150» / «1140» > 0,5 болса, онда «1150» / «1140»; егер «1150» / «1140» < 0,5 болса, онда 0,5) 1160 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшері («1110» х 0,001 + «1120» х 0,0015 + «1130» х 0,003) х «1160»)) 1170 Басқа да өмірді сақтандыру шарттары Алдыңғы қаржы жылының соңына қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 1210 Есептеу үшін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы («1210» х 0,04) 1220 Алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 1230 Түзету коэффициенті (егер «1230» / «1210» > 0,85 болса, онда «1230» / «1210», егер «1230» / «1210» < 0,85 болса, онда 0,85) 1240 Басқа да өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («1220» х «1240») 1200 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («1170» + «1200») 1000 2. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру түрі үшін (мың теңгемен) Көрсеткіш атауы Жол коды Сомасы 1 2 3 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық тәуекелі бар өмірді сақтандыру шарттары Алдыңғы қаржы жылының соңына қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2110 Алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2120 Есептеу үшін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы («1210» х 0,04) 2130 Түзету коэффициенті (егер «2120» / «2110» > 0,85 болса, онда «2120» / «2110»; егер «2120» / «2110» < 0,85 болса, онда 0,85) 2140 А аралық жиынтығы («2130» х «2140») 2100 Сақтанушының инвестициялық тәуекелі бар және ол бес жылдан асатын мерзімдегі белгіленген әкімшілік шығыстарды жабатын өмірді сақтандыру шарттары Алдыңғы қаржы жылының соңына қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2210 Алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2220 Есептеу үшін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы («2210» х 0,01) 2230 Түзету коэффициенті (егер «2220» / «2210» > 0,85 болса, онда «2220» / «2210»; егер «2220» / «2210» < 0,85 болса, онда 0,85) 2240 Б аралық жиынтығы («2230» х «2240») 2200 Сақтанушының инвестициялық тәуекелі бар және ол бес жылдан асатын мерзімдегі белгіленбеген әкімшілік шығыстарды жабатын өмірді сақтандыру шарттары Алдыңғы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар 2310 В аралық жиынтығы («2310» х 0,25) 2300 Тәуекелі бар капиталдың мәні теріс болмайтын қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары Алдыңғы қаржы жылының соңына қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2410 Алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасы 2411 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 2420 Қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының үлесі шегерілген жиынтық сақтандыру сомасы 2421 Алдыңғы қаржы жылында жасалған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелі бар капитал («2420» - «2410») 2430 Алдыңғы қаржы жылында жасалған қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының үлесі шегерілген тәуекелі бар капитал («2421» - «2411») 2440 Түзету коэффициенті (егер «2440» / «2430» > 0,5 болса, онда «2440» / «2430»; егер «2440» / «2430» < 0,5 болса, онда 0,5) 2450 Г аралық жиынтығы («2430» х 0,003 х «2450») 2400 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («2100» + «2200» + «2300» + «2400») 2000 3. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары үшін (мың теңгемен) Көрсеткіш атауы Жол коды Сомасы 1 2 3 Алдыңғы қаржы жылында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары, барлығы 3110 Алдыңғы қаржы жылындағы комиссиялық сыйақылар сомасы 3120 Алдыңғы қаржы жылында сақтандыру сыйлықақыларына салық салу сомасы 3130 Алдыңғы қаржы жылында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған, түзетілген сақтандыру сыйлықақылары («3110» - «3120» - «3130») 3140 Алдыңғы қаржы жылында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары, барлығы 3150 Алдыңғы қаржы жылында түзетілген жиынтық еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары («3150» - «3120» - «3130») 3160 Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақылары немесе одан әрі есептеуге арналған жиынтық еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары (егер «3140» > «3160», онда «3140»; егер «3140» < «3160», онда «3160») 3100 А аралық жиынтығы: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «3100» > 1 500 000 болса, онда [1 500 000 х 0,18 + («3100» - 1 500 000) х 0,16]; егер «3100» < 1 500 000 болса, онда «3100» х 0,18) 3200 Алдыңғы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегерілген жиынтық сақтандыру төлемдері («3311» + «3312» + «3313») 3310 Алдыңғы қаржы жылының соңына есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегерілген жиынтық сақтандыру төлемдері 3311 Сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып, қаржы жылының соңына есептелген, алдыңғы қаржы жылының алдындағы 1 жыл үшін жиынтық сақтандыру төлемдері 3312 Сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі шегеріле отырып, қаржы жылының соңына есептелген, алдыңғы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін жиынтық сақтандыру төлемдері 3313 Алдыңғы үш қаржы жылына есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері («3321» + «3322» + «3323») 3320 Алдыңғы қаржы жылына есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері 3321 Алдыңғы қаржы жылының алдындағы 1 жылға, қаржы жылының соңына есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері 3322 Алдыңғы қаржы жылының алдындағы 2 жылға, қаржы жылының соңына есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері 3323 Түзету коэффициенті (егер «3310» / «3320» > 0.5, онда «3310» / «3320»; егер «3310» / «3320» < 0,5, онда 0.5) 3300 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («сыйлықақылар әдісімен») («3200» х «3300») 3400 Алдыңғы үш қаржы жылына есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері («3511» + «3512» + «3513»): 3510 алдыңғы қаржы жылының соңына есептелген 3511 алдыңғы қаржы жылының алдындағы 1 жылға, жылдың соңына есептелген 3512 алдыңғы қаржы жылының алдындағы 2 жылға, жылдың соңына есептелген 3513 Алдыңғы қаржы жылының соңына мәлімделген, бірақ реттелмеген резерв сомасы 3520 Алдыңғы қаржы жылының алдындағы 2 жылға, жылдың соңына мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасы 3530 Одан әрі есептеуге арналған жиынтық сақтандыру төлемдері (1/3 х («3510» + «3520» - «3530»)) 3500 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («төлемдер әдісімен»): Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін (егер «3500» > 1 000 000, онда [(1 000 000 х 0,26 + («3500» - 1 000 000) х 0,23) х «3300»] 3600 Есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («3400» немесе «3600», ең жоғары шама) 3000 4. Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері (мың теңгемен) Көрсеткіш атауы Жол коды Сомасы Есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («1000» + «2000» + «3000») 4000 Кепілдік беру қорының ең аз мөлшері 5000 Төлем қабілеттілігі маржасының есептелген ең аз мөлшері (4000 + осы Нұсқаулықтың 1-қосым-шасына сәйкес есептелген, қайта сақтандыруға берілетін міндеттемелер сомасының бір бөлігі) 6000 Кепілдік беру қорының ең аз мөлшері (5000 + осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес есептелген, қайта сақтандыруға берілетін міндеттемелер сомасының бір бөлігі ) 7000 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («6000» немесе «7000», ең жоғары шама) 8000 5. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеу (мың теңгемен) Көрсеткіш атауы Жол коды Сомасы 1 2 3 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін төленген жарғылық капитал 111 Артықшылық берілген акциялар 112 Алдыңғы кезеңдердегі бөлінбеген кіріс 113 Резервтік капитал, Күтпеген тәуекелдер резерві және Тұрақтандыру резерві 114 Төленуге тиіс дивидендтер 115 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағандағы материалдық емес активтер (жинақталған амортизациясы ескерілген өзіндік құны және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің 10 %-нан аспайтын мөлшерде) 116 Алдыңғы жылдардағы жабылмаған шығын 117 Есепті кезеңдегі жабылмаған шығын 118 Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар 119 Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар тұлғалар болып табылатын тұлғаларға берілген реттелген қарыздар 120 А аралық жиынтығы («111» - «112» + «113» + «114» - «115» - «116»- «117» - «118» - «119» - «120») 100 Өтеу мерзімі белгіленген реттелген борыш 201 Өтеу мерзімі тіркелмеген реттелген борыш 202 Артықшылық берілген акциялар 203 Б аралық жиынтығы Б («201» + «202» + «203») 211 Нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізілетін сома: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «211» > 0,5 х («100» немесе «400», ең төменгі шама), онда 0,5 х («100» немесе «400», ең төменгі шама); егер «211» < 0.5 х («100» немесе «400», ең төменгі шама), онда «211») 200 Нақты төлем қабілеттілігі маржасы («100» + «200» немесе «15000», ең төменгі шама) 300 Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері («8000») 400 Нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі (300/400) 500 Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ____________________________________________ ___________________ (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) Бас бухгалтер _______________________________ _____________________ (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) Орындаушы: ________________________________________ _____________ ________________ (лауазымы, тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) (телефон нөмiрi) Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы «____» __________ Мөр орны Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына арналған төлем қабілеттілігі маржасын есептеу» 1. Жалпы ережелер 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына арналған төлем қабілеттілігі маржасын есептеу» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды. 2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді. 3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нысанды ай сайын толтырады. 4. Нысанды толтырған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды. 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме 6. Нысан әрбір есепті күнге толтырылады. 7. Өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныптары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеудің 1000-жолында өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныптары үшін есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мәні көрсетіледі. 8. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру түрі бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеудің 2000-жолында сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру түрі бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің есептелген мәні көрсетіледі. 9. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеуде жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігінің ең аз мөлшерін есептеу үшін қажетті мәндер көрсетіледі. 10. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру түрі бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеудің 3000-жолында жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары бойынша есептелген ең аз мөлшерінің мәні көрсетіледі. 11. Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің 4000-жолында 1000, 2000 және 3000-жолдарда көрсетілген мәндердің сомасы көрсетіледі. 12. 5000-жолда осы Нұсқаулықтың 25, 27-тармақтарына сәйкес сақтандыру ұйымының кепілдік қорының ең аз мөлшері көрсетіледі. 13. 8000-жолда төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері көрсетіледі. 14. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеудің 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120-жолдарында төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерін есептеу үшін қажет мәндер көрсетіледі. 15. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеудің 100-жолында А аралық жиынтығы көрсетіледі, ол мынадай мәнге тең болады: 111-жол - 112-жол + 113-жол + 114-жол - 115-жол - 116-жол - 117-жол - 118-жол - 119-жол - 120-жол. 16. 300-жолда көрсетілетін нақты төлем қабілеттілігі маржасы екі шаманың ең төменгісіне тең: 1) А және Б аралық жиынтығы сомасының (100-жол + 200-жол); немесе 2) активтердің сапа және өтімділік бойынша жіктелімін ескере отырып есептелген нақты төлем қабілеттілігі маржасы (15 000-жол). 17. 500-жолда нақты төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі төлем қабілеттілігі маржасына қатынасына (300-жол/400-жол) тең төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні көрсетіледі. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 10-қосымша Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуы жөніндегі талаптар туралы нұсқаулыққа 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама Есепті кезең: 20__ жылғы «___» __________ жағдай бойынша Индексі: GAP-LI1 Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: «Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұсыну мерзімі - есепті тоқсаннан кейінгі он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама «__________________________________» (Ұйымның атауы) 20__ жылғы «___» ____________ нысан (мың теңгемен) Өтегенге дейінгі мерзім* 1 айға дейін 1 айдан 3 айға дейін 3 айдан 6 айға дейін 6 айдан бастап 1 жылға дейін 1 жылдан 3 жылға дейін 3 жылдан 5 жылға дейін 5 жылдан 10 жылға дейін 10 жылдан жоғары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 I Активтер 1. салымдар - барлығы, оның ішінде: 1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар 1.2 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдары мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келгенде: «Standard & Poor’s» агенттiгiнiң «ВВ-»-дан төмен емес ұзақмерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе «Standard & Poor’s» ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болғанда; резидент емес - бас банктерi - күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергендегi (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor’s» агенттiгiнiң «А-»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақмерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент-еншiлес банктер болып табылады; 1.3 Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергендегi, «Standard & Poor’s» агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В+»-тен «В»-ға дейiнгi ұзақмерзiмдi рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor’s» ұлттық шәкiлi бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейiнгi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде) 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған) 3. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары 3.1 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары 4. Қазақстан Республикасының және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде: 4.1 «Standard & Poor’s» агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor’s» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар 4.2 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялар немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар 4.2.1 «В-»-тен төмен емес рейтингі бар, осы қосымшаның 4.2 жолында көрсетілген ак