• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын кез

3609 рет
көрсетілді

Жалпы, бұл сайлауды өткізу – уақыт талабы. Өйт­кені, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық­қа алдымен өзінің «5 инс­ти­туттық реформасын» анық­тап «100 нақты қадам» бағдарламасын жариялады. Осының барлығын жүйе­леп келіп, үстіміздегі жыл­дың басында «Ұлт Жос­пары – қазақстандық арманға бас­тайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын ұсынып, бәрін де тиянақтап, көпшілікке тайға таңба басқандай етіп түсіндіріп берді. Енді тек осы үлкен де жауапты міндеттерді орындау ғана қалды. Ол үшін, яғни жаңа тапсырма мен міндеттерді орындау үшін, жаңа белестерді игеру үшін жаңаша көзқарастағы жетілген мамандар керек. Олар жаңа заманға лайық заңдарды қабылдауы тиіс. Ол заңдар болашақ іс жүргізуге ыңғайлы болуы шарт. Мұның барлығы да жоғарыда айтқан, жаңа толқын мамандардың біліктігіне байланысты. Сол себептен де, Мә­жі­ліс пен жергілікті мәсли­хат­тарды қайта сайлау – дер кезіндегі қолға алынған іс шара дер едім. Қазақстанның экономикасын дамытуда, Қазақстан халқын әрі қарай өркендетуде мұның рөлі зор. Қазіргі дүниежүзілік дағдарыс орын алған кезеңде әр мемлекет тез арада әрі дер кезінде өзінің етек-жеңін жиып алып жатыр. Қазақстан халқының Елбасының айналасына жұдырықтай жұмылуын мен солай түсінемін. Қазақ айтқандай, «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын» кез туды. Мұрат ЖҰРЫНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті. АЛМАТЫ.