• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Ақтаудағы мас адамның мүсіні

401 рет
көрсетілді

талай жұрттың назарын аудара бастады Ақтауда жұрттың назарын өзіне аударатын ерекше «ескерткіштер» жеткілікті. Олардың дені түнгі клубтар мен көңіл-көтеру орталықтарының маңына орналасқан. Қаладағы теңіз жағалауында орна­ласқан түнгі клубтардың бірінің алдында ішімдік құтысын ұстап, шатқаяқтап тұрған мас ер адамның сұлбасы пайда болды. Бұл клубқа келушілерге «ішімдікті шамадан тыс қолданған жағдайда сіз де сырт көзге, ортаға ыңғай­сыз қалыпта кө­рінесіз» дегенді ишара ету үшін қойылыпты. Ішімдік ішуге қатысты ескертпені ескерткіш арқылы жеткізбек болған­дардың идеясын Ақтаудағы тағы бір көңіл-көтеру орталығы толықтыра түседі. Олар да тордың ішіне адам қаң­қасын қою арқылы өз ойларын архи­тектуралық тілмен жеткізуге тырысқан. Сондай-ақ, тордың жо­ғары жағына «ол төлеген жоқ» де­ген жазу ілген. Бұл жазу мен ар­­хитектуралық қаңқадан жұрт кө­ңіл-көтеру орындарына келген демалушылардың ішінде тиісті тө­лемін төлемей кететіндердің болаты­нын ұғынады. Ақтаудағы «ерекше ескерт­кіш­­тердің» қатарын балалардың ойын алаңда­рындағы кім немесе не екенін анықтау мүмкін емес сұлбалар да толықтыра түседі. Алай­да, мұны бұдан бірнеше жыл­­ бұрын ағаштан жонып жа­салған бейнелердің қазір әбден ес­­кіріп, жаңбыр мен желден және ба­лалардың ойыны әсерінен тозып, өзі­нің бастапқы кейпін жоғалтуымен түсін­діруге болады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.
Соңғы жаңалықтар