• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-тың МӘЛІМДЕМЕСІ

287 рет
көрсетілді

Біз Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймыз және бұл шешім институттық реформалардың кең ауқымды бағдарламаларын енгізу үшін оңтайлы жағдайлар жасайды, дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді деп есептейміз. Жаһандық дағдарыс пен оның Қазақстан экономикасына кері ықпалы ағымдағы кезеңнің қиындықтарына, халықтың түрлі топтары мен кәсіби қоғамдастығының талаптарына бағдарланған адекватты шешім жасауды талап етеді. Сайлау өткізу жоғарыда аталған жұмыстарды табысты жүргізу үшін қажетті ынталандырушы болады. Олар қоғамның барынша белсенді және бәсекеге қабілетті күштерін жұдырықтай жұмылып, ортақ мүдде жолында бірігуге мүмкіндік береді. Кезектен тыс сайлау елді кең ауқымды жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асырудың ең бастапқы кезеңінде өткізіле отырып, қоғамды топтастыруға, әлемдік дағдарыстың кері ықпалын еңсеру мен Ұлт Жоспары реформасын орындауға барлық қоғамдық институттардың үйлесімді қатысуын қамтамасыз ететін біртұтас азаматтық тұғырнама қалыптастырады деп санаймыз.
Соңғы жаңалықтар