• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Куба 2015 жылы рекордты деңгейде туристер қабылдады

252 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. Куба 2015 жылы 3,5 миллионнан астам шетелдік саяхатшыларды қабылдап, жаңа көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұлттық бюро 3 миллион 524 мың 779 шетелдік туристер келгенін мәлімдеді. Аталған елге көбіне Канада, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Испания елдерінен демалушылар жиі келеді. Ал Латын Америкасынан Мексика және Венесуэла мемлекеттері Кубаға барғанды жөн көреді. Соңғы кездері Жапониядан, Гаити аралынан, Ирландия және Польша мемлекеттерінен келушілер саны артты. Сондай-ақ, арнайы 12 рұқсатнамаға байланысты Америка азаматтары да жиі келеді. Саяхатшылар үшін Кубада жалпы саны 62 мың орынды қонақ үйлер қызмет етеді. Оның 60 пайызы шетелдік компаниялардың иелігінде. 16 пайызына арнайы біріккен кәсіпорындар басшылық етеді. Ал елдің туризм министрі 2020 жылға қарай мемлекетке қарасты 85 мың орны бар қонақ үйлер салуды жоспарлап отыр. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.  
Соңғы жаңалықтар