• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Таразда тегін нан таратылуда

380 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 26 қаңтар. Тараз қаласындағы бірқатар дүкендерде  тегін нан таратыла бастады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған шара «Кәсіпкерлер қамқорлығы» акциясы аясында жүргізілуде. Тараз қаласында бүгіннен бастап аса мұқтаж жандар әлеуметтік дүкендерден тегін нан ала алады. Мұндай бастама кәсіпкерлердің тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Тегін нан 5 азық-түлік дүкені мен 10 әлеуметтік дүңгіршекке 100 бөлкеден қойылған. Акцияның мақсаты -- әлеуметтік көмекке зәру, қамқорлықты қажет ететін отбасылар мен зейнеткерлерге көмек көрсету. Болашақта бұл шараға аудандардағы кәсіпкерлер де үлес қосады деп күтілуде. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар