• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Өз үйім» бағдарламасын дайындады

416 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға дейін банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы «Өз үйім» бағдарламасын дайындады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама үш бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жеке әріптестік және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық. Қазіргі сәтте ЖАО-мен, екінші деңгейлі банктермен, құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде. «Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылығы – Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін толық басымдық, шаршы метріне төмен баға, валюталық бағамға тәуелді болмау, үй сатып алуда ерекше жағдайлардың болмауы. Бағдарламаға кез келген банк клиенті қатыса алады. Алайда, бірінші кезекте үй сатып алуға құқықты меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар ала алады. Мұның 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан айырмашылығы – соңғы екі жылда Алматы және Астана қалаларында тіркелу талабы болмайды. Бүгінде бағдарлама шеңберінде орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5-тен 10 пайызға дейін. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс көлемі пысықталады. «Өз үйім» бағдарламасы аясында 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосымша болады. Банк салымшылары қолжетімді бағамен үй сатып алудың баламалы мүмкіндігін алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі салымшылардың ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй құрылысшылары мен жобаны таңдауын қамтиды. Бағдарламаны қаржыландыру банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: khabar.kz.
Соңғы жаңалықтар