• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Талдықорғанда әдеби айлық жарияланды

334 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 қаңтар. Қалыптасқан  дәстүр бойынша Жетісу жерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған игі шаралар басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақынның туып-өскен ауылында биыл да мектеп оқушыларының бастауымен әдеби айлық жарияланды.  Негізгі мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, жастарды қазақ әдебиеті мен тарихын, мәдениетін білуге талпындыру болды. Әлбетте, оқушылар Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Әдеби кеш ұйымдастырып, бүлдіршіндер абыз ақынның жырларын жатқа оқыды. Жамбыл Жабаевтың музейін аралап, ақынның көзін көрген жандармен жүздесіп, естеліктерін тыңдады. Оқушылар, әсіресе, Жамбыл Жабаевтың шөбересі Мәулен Қожашевпен тілдесуден ерекше әсер алғаны   отты   жанарларынан айқын көрініп тұрды. Нұрбол   Әлдібаев. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар