• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Оңтүстікте маусымдық тұмаудан қауіп жоқ

270 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 26 қаңтар. Оңтүстік Қазақстан облысында маусымдық тұмаудан қауіп жоқ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Сапарғалиеваның айтуынша, ел арасында «шошқа тұмауы» деп аталатын тұмаулы 37 адам Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында ем алып, толықтай жазылған. Баспасөз мәслихатында сөз алған ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жұмағали Медетов екпе жұмыстары кезінде облыста 450 мың азаматтан бөлек, 4,5 мың адамға жұмыс берушілердің есебінен, 318 адамға ақылы есептен екпе жұмыстары жасалғанын айтты. «Ал маусымдық тұмауға шалдыққан 37 адамның біреуі де екпеден өтпеген. Бір қуантарлығы, олардың ешқайсысы маусымдық тұмаудың қауіпті түрімен емес, аталған тұмаудың орташа, жеңіл түрімен науқастанды. Бүгінде олардың жағдайлары жақсы. Ешқандай қауіп жоқ», деді ол. Айта кетейік, шошқа тұмауына қарсы 450 мыңнан астам адамға екпе жасалған. Оның 16 пайызы жүкті әйелдер болса, 60 пайызы бүлдіршіндер. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы.