• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

«Сырғалым» телевизиялық хикаясы Татарстанда көрсетіледі

678 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. «Сырғалым» телехикаясы «Татарстан – Новый век» (Ресей) телеарнасына сатылды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сырғалым» енді татар тілінде де сөйлейді. «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік телевизия мамандары 48 сериялы хикаяға қызығушылық танытып, енді ол Ресейдің рейтингі жоғары телехикаяларымен бәсекеге түседі. «Қазақстан» РТРК» АҚ сайтында телекөрермендердің дауыс беруі нәтижесінде «Сырғалым» телехикаясы «2014 жылғы үздік хикая» жүлдесін иеленсе, бас кейіпкерді сомдаған Жұлдыз Маханова «2014 жылы әйел ролін сомдаған үздік актриса» номинациясына ие болды. Фильмде ауылдан келген қарапайым қазақтың қызы – Сырғалым елорданың жаңа өміріне бейімделе бастайды. Бойына заманның үздік қасиеттерін сіңіре білген ару, қазақ қызына тән қарапайымдылығы мен жан тазалығын сақтап қалады. «Сырғалым» хикаясын «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысы бойынша «Көркем фильм» продакшн-компаниясы түсірді. Дастан Кенжалин. Дерек: «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz  
Соңғы жаңалықтар