• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Ақмолалық жас аккордеоншы республика конкурсында екінші болды

297 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 26 қаңтар. Ақмола облысы, Сандықтау ауданындағы Балқашын балалар музыка мектебінің оқушысы Мария Волосевич халық аспаптары мен ән музыкасы интерпретация саласы бойынша өткен жас орындаушылардың республикалық конкурсында екінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өнер», «Достық» және «Бейбiтшiлiк» атаулары бойынша халық аспаптары мен ән музыкасын интерпретация жасауға арналған республикалық ашық конкурс Астана қаласында өтті. Оны Қазақстан Композиторлары одағы жанындағы «Art aspect» шығармашылық бастамалар орталығы ұйымдастырды. Осы конкурсқа қатысқан Мария Волосевич екінші орынды «халық аспабы – аккордеон» аталымы бойынша алды. Ақмолалық жас өнерпаздар арасында жүлделі орындарға қол жеткізген басқа да өрендер болды. Атап айтқанда, Татьяна Зенкова «халық аспабы – аккордеон» номинациясында үшінші орынға шықты. Бұларды оқытушы Елена Куприянова дайындады. Сол сияқты фортепиано сыныбы бойынша Вероника Әбікенова мен Диас Төлегенов үшінші белестен табылды. Оларды оқытушылар Анна Тетерина мен Светлана Баранова әзірледі. Бұдан бөлек, Диас Төлегенов, Тамирлан Жақыпов, Мәдина Әубәкірова, Дидар Съезбеков, Ільяс Есенбаев, Ердос Съезбеков, «Үкілі домбыра» ансамблі үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола медиа орталығы.