• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда шетелдік инвестор қашып жүр

359 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Осыдан 12 жыл бұрын Мәскеуден ірі инвестор ретінде келген «Қазтрансавто» компаниясы жұмысшы-қызметкрлерге маңдай термен тапқан еңбекақысын уақытылы төлемей, сайдан санын, құмнан ізін таптырмай қашып кеткен. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen тілшісі хабарлады. Шетелдің алпауыттың құрамына кірген 40-қа жуық шаруа қожалығы жылдап жалақы көрмегенін айтып отыр. Солардың бірі– Тайынша ауданына қарасты «Колос» астық қабылдау кәсіпорны. Мұнда жұмыс істейтіндер не істерлерін білмей дал. Мәселен, Самарбай Қойшығарин соңғы жалақысын осыдан 10 ай бұрын алыпты. Содан бері 200 мың теңгесін даулаумен жүр. Элеваторда кезінде 80-ге жуық адам еңбек етіп, тұрақты жұмыспен қамтылса, бүгінде жалақы мен салық қарыздары ондаған миллионнан асып жығылады. Ғимараттар иесіз қалған. Былтырғы астық ору науқанына мүлдем қатыспаған. Ал банкрот жариялайын десе, аталған компанияның дүние-мүлікі банкте кепілде тұрғандықтан, рұқсат жоқ. Айта кетейік, құрылтайшысы сол кездегі Мәскеу мэрі Лужков саналатын «Казтрансавто» фирмасы тақырға отырғызған шаруашылықтар Қызылжар өңірінде жүздеп саналады. Өмір Есқали. Дерек: облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: damu.kz.
Соңғы жаңалықтар