• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Мұражайда – киножай

500 рет
көрсетілді

Еліміздегі бірегей Бү­кіл­әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жыл санап Ре­сей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Еуропа ел­дерімен қатар, АҚШ сынды шет мемлекеттерден келушілер саны артып келеді. Келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету, ел тарихынан сыр шертетін құндылықтарымызды өз деңгейінде дәріптеп көр­сету кезек күттірмейтін мәселе. Осыған орай, «Әзі­рет Сұл­тан» мем­лекеттік тари­хи-мәдени қорық-мұ­ра­жайы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Құжыра бөл­ме­сінен шағын кинозал аш­ты. Мұнда қорық-мұра­жайдың түсірген «Түркістан әфсанасы», «Түркістандағы хан көтеру», «Есіктер», «Шырағдандар» сынды деректі фильмдерді ке­лу­шілер тамашалауға мүм­кіндік алды. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «Өз­бекәлінің өнегесі», «Әзі­рет Сұлтан» тойлады әз Нау­рызды», «Ұлы баба мұрасы ұрпақ жүрегін көркейтті», «Тайқазан та­лай­лардың бағын ашты», «Бәйдібекте толғанған Тә­уелсіздік тол­ғауы», «Дүй­сен би асы», «Әзірет Сұл­тан жәдігерлері сыр өңі­рінде сыр шертті», «Әзіреті Қаратау әулиенің кені еді», «Қорық-мұражай кү­ні Ордабасыда ерекше өтті», «Алаштың Ақтөбесі Тәу­елсіздік көрмесін тамашалады» сынды көрмелерге арналған деректі фильмдер көрерменге жол тартты. Бұл көпшілікті мұражай ісімен таныстырудағы тың тәсіл екендігі даусыз. Берік БАЙБОЛОВ, Қорық-мұражай қызметкері.