• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2016

Сирияда болған жарылыстан 45 адам қаза тапты

351 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 қаңтар. Сирия астанасы Дамаск қаласына таяу маңда болған жарылыстан 45 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 110 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында 12 адам қаза тапқаны жөнінде ақпарат тарағанымен, кейіннен 45 адамның мерт болғаны анықталды. Жергілікті тілшілердің айтуынша, алдымен автобус бекетінде тұрған жеңіл көлік жарылған болса, артынша бұл оқиға екі мәрте қатарынан қайталанды. Жанкештілер өзін-өзі жарып жіберді деген болжам бар. Жергілікті SANA ақпарат агенттігі бұл істі аймақтағы атышулы содырлар ұйымының өз мойындарына алғанын хабарлады. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: rrnews.ru.