• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Жамбыл облысында конкурс өткізуде кемшіліктер жетерлік

261 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 2 ақпан. Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы биыл 11,6 млрд. теңгені болатын 203 лот бойынша сатып алу жоспарын әзірлепті. Оның 10,1 млрд. теңгесіне 155 лот бойынша келіп түскен өтінімдердің барлығына конкурстар жарияланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл 76,4 пайыз. Өтінімдер ұсынылмаған лоттар саны – 48. Әйтсе де денсаулық сақтау, білім, табиғи ресурстар, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары және Меркі ауданынан басқалары жоспардағы өтінімдерді толығымен ұсынбай жатыр.Оның ішінде Жамбыл мен Жуалы аудандары 5 лоттан, Сарысу – 8 және Т. Рысқұлов ауданы 4 лотқа өтінімдер ұсынбаған. «Конкурс өткізу барысында мына кемшіліктер жыл сайын кездеседі. Тіпті жүйелі түрде кездеседі деп айтуға болады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына дұрыс орналастырмау, яғни, сомасын, атқарылатын жұмыс мерзімін дұрыс енгізбейді. Құрылыс жұмыстарының жобаларының электронды нұсқасы толық болмайды және дер кезінде ұсынылмайды. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің электронды сандық қолтаңбасы болмайды», дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев. Осының салдарынан 2015 жылдың желтоқсан айынан бері тапсырыс берушілер, яғни, Шу қаласындағы «Балдаурен» бала бақшасының және Жуалы ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшыларының және бірде-бір маманының электронды сандық қолтаңбасының болмауынан мемлекеттік сатып алу жоспары веб-порталға орналастырылмай, конкурс жарияланбауда. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz