• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Таразда адамға оқ жаудырған бұзақы қамаққа алынды

281 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 2 ақпан. Тараз қаласы ІІБ ЖПП қызметкерлері 30 жастағы азаматқа еш себепсіз оқ жаудырған бұзақыны тұтқындады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тараз қалалық ІІБ ЖППБ командирі, полиция майоры Бақытжан Жолдасбековтың айтуына қарағанда, 29 қаңтар күні Тараз қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» тетігіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада облыс орталығындағы көше қиылыстарының бірінде көлікте отырған азаматқа белгісіз адам көлікті басқарып бара жатып оқ жаудырғандығы айтылған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, қабылдаған жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде қылмыстың «ізі суымай» ашылып, бұзақылық әрекет жасаған күдікті адам ұсталды. Оның Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны екендігі тергеу барысында анықталды. Заттай дерек көздері – тапанша оғымен тәркіленді. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына  қамаққа алынды. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz