ПАВЛОДАР. 3 ақпан. Екібастұз қаласы маңында Қызылорда-Павлодар жолында Астана-Семей бағыты бойынша бара жатқан жолаушылар автобусы бір жағына қарай аударылып қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аударылған автобуста18- жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Орын алған оқиғаға Қалқаман кентінің күре жолдық медициналық-құтқару пункті жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.
Төтенше жағдайдағы автобусты құлаған жерінен шығару үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің техникалары, Қалқаман кентінің № 18 өрт сөндіру бөлімі, Екібастұз қаласы 103 қызметінің құтқару бригадасы жұмылдырылды.
Құтқарушылардың хабарлауынша, әр түрлі деңгейде жарақат алған 7 адам ауруханаға жатқызылса, 11 жолаушы Павлодарға жеткізілген.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.