ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. Көлік апаты төрт мыңнан аса абонентті көгілдір отынсыз қалдырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кеше түстен кейін сағат 16.30-да Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан 2019 әскери бөлім жанындағы газ құбыры істен шықты. Аталған аймақта жол-көлік оқиғасының орын алып,160 мм диаметр жоғарғы қысымдағы газ құбыры краны зақымдалды, нәтижесінде газ шығуы болды.
Газдың шығуын қалпына келтіру үшін 4282 абонент газдан ажыратылды, олардың 13-і көпқабатты тұрғын үйдің 508 абоненті мен 3773 жеке тұрғын үй секторы.
Апатты жою немесе жағдайды қалпына келтіру жұмысы үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалынан 15 адам мен 4 техника, ТЖД жедел тобынан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz