• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Ақтүтекте адасқан Андрей табылды

264 рет
көрсетілді

«Тәуекел түбі – жел қайық» дегенімізбен Арқаның қысы мұ­ны көтермейді. Өйткені, тиісті орындардан алдын-ала ескертпе жасалғанына қарамастан, жа­нын шүберекке түйіп жолға шы­ғатындар аз емес. Дәл осындай жағ­дайды 1975 жылы туған Андрей Са­дықов бастан кешті. Әйтеуір, оны Құ­дай қаққан екен. Он бір жарым с­ағаттан кейін дін-аман табылды. Оқиға былайша өрбіген. Көдебас ауылынан 29 қаңтардағы 14.00 сағатта жолға шыққан ол теміржолды жағалап, 17 шақырымдағы Ақсу кентіне жетпек болады. Бірақ бұрқасын боранда жолдан жаңылып адасады. Содан арада 10 сағат өткенде үй-іші алаңдап Степногор қалалық ішкі істер басқармасына телефон арқылы хабар түсіреді. Содан Степногор қала­лық №16 өрт сөндіру бөлі­мі­­­нің мамандарынан, ІІД қыз­меткерлерінен жасақталған же­дел топ аталған бағыт бо­йын­ша іздестіру-құтқару жұ­мы­сына кіріседі. Осының нә­ти­жесінде, 01 сағат 27 минутта Кө­дебас ауылынан 5 және Ақсу кен­тінен 12 шақырым қашық­тықта азамат Андрей Садықов табылды. Боранды түнде адасып, ажал құшуға шақ қалған ол құт­­қарушыларға алғысын біл­діруде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.