• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Қоғам қайраткерімен кездесті

332 рет
көрсетілді

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. Кездесуде Бас мүфти Діни бас­қарманың 2015 жылда атқарған жұмыстары мен игі жобалары туралы баяндай келе, 2016 жыл­ға жоспарланған жұмыстар жай­лы айтып берді. Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы діни білім сала­сындағы реформалар, дін мен дәс­түр жылы, имамдар форумы, онда қабылданған құжаттар туралы сөз етті. «2016 жылды – «Дін және тарих тағылымы» деп жарияладық. Мақсатымыз – қазақ тарихындағы Ислам дінінің рөлі, тарихи тұл­ға­ларымыздың ерен еңбегі мен өнегелі өмірін ұрпаққа насихат­тау», – деді Ержан қажы Малға­жыұлы. Ал М.Жолдасбеков мүф­тият­тың сауапты һәм салауатты шараларына алғысын білдіре ке­ле: «Дін мен дәстүр» идеясы – көптен бері көктен сұрап, жерден таба алмай келе жатқан мәселе еді. Бұл бастамаларыңызды қос қолдап құптаймын», – деді. «Егемен-ақпарат».