Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына тексеріс жүргізді. Кенеттен тексеру шеңберінде «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.
Дабыл белгісі бойынша әскери қызметшілер жауынгерлік есептопқа сәйкес іс-шараларды орындады. Әскери-көліктік авиация және автомобильдік техника тартыла отырып, жауынгерлік арналым аудандарына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды.
Кенеттен тексерудің басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау болып табылады.
Бүгінгі таңда жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілі, сондай-ақ, әскерлердегі істердің шынайы мән-жайын зерделеудің маңызды үлгісі болып қалуда.
Кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесуі, әр жауынгердің өзінің орағытуын білуі мен шебер орындауы, басқаруды ұйымдастыру, әскер түрлері мен тектері арасындағы өзара іс-әрекет мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
«Егемен-ақпарат».