Жаңаөзен қаласының тұрғыны Татьяна Солоницына «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы болды және мемлекеттік қолдаудың кепілдендіру және субсидиялау тәрізді жеңілдіктерін пайдаланды. Бүгінде Татьяна табысты кәсіпкерлердің бірі. Ол 3-5 жас аралығындағы 24 баладан тұратын балабақшаның иесі.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу білім орындарының жетіспеушілігі байқалады, осыған байланысты Татьяна өз кәсібін кеңейтіп, тағыда 25 баладан тұратын бір топты ашуға шешім қабылдады. Осыған орай кәсіпкер ғимарат сатып алу мақсатында банкке несие алу үші өтінім білдірді. Жобаның өзектілігін назарға ала отырып Татьянаның бұл өтінімін аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері мақұлдады, осылайша субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды. Енді оның 14%-дан тұратын несиесінің 10%-ын мемлекет өтейтін болды, ал Татьяна бар болғаны несиенің 4%-ын ғана өтейді. Бұдан басқа «Даму» қоры Татьянаның кепілдігінің жетіспеуіне байланысты кепілдікпен қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда «Золотой ключик» балабақшасы үлкен жетістікке ие, екінші бөлімі толық жөндеуден өткізіліп, барлық қажетті жабдықтар алынған. Топта, жобаланғанындай 25 бала тәрбиеленуде.
– «Мен балаларды әрқашан жақсы көргенмін және өзімнің айналысып жатқан жұмысымды қатты ұнатамын. Менің жобамды мақұлдаған, маған және менің кәсібіме қолдау көрсеткен еліме және жергілікті билікке үлкен рахметімді айтамын», дейді Татьяна Солоницына.
Мереке Таңатаров.
Маңғыстау облысы.