• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Қорғаныс министрі жауынгерлік әзірлікті аяқастынан тексерді

266 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 ақпан.  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жауынгерлік әзірлікті аяқастынан тексерді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Кенеттен тексерудің басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау. Жауынгерлердің әзірлігін тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесуі, әр жауынгердің өзінің орнын білуі мен қару-жарақты шебер пайдалануы, әскери топтарды басқаруды ұйымдастыру, әскер түрлері мен тектері арасындағы өзара іс-әрекет мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.