• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Жұмыспен қамту

311 рет
көрсетілді

туралы заң жобасы таныстырылды Кеше Парламент Сенатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң жобасының және оған ілеспе жобаның таныс­тырылымы болды. Оны Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бисенбаев ашып, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелерін заңнамалық деңгейде шешудің маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов әлемдік экономиканың еліміздің дамуына ықпал етуі жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселесі айрықша өзекті болып отырғанын, оның еліміздің әлеуметтік-саяси тұрақтылығы мен орнықты дамуымен тығыз байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде халықты жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті үдету қажеттігіне ерекше назар аударған болатын, деді ол. Осыған орай А.Бижанов осы саладағы құқықтық негіздерді қазіргі замандағы талаптар мен уақытқа сәйкес келтіру қажеттігін атап көрсетті. Ұсынылып отырған ережелер кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, шағын және орта биз­несті қолдауға бағытталуы тиіс. Заң жобасы жөнінде Ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсе­нова баян­дама жасап, сенатор­ларды заң жобасының ерекшелік­тері­мен егжей-тегжейлі таныстыр­ды. Баяндамашының айтуынша, жұмыспен қамту туралы заң­ның жаңа мәтіні тұрақты және жұмыспен қамтуға, жұмыссыз­дықты қысқартуға, еңбек нарығы­ның көрсеткіштері өлшемін халық­аралық үлгіге көшіруге қол жеткі­зуге бағытталған. Сондай-ақ, жұ­мыс­сыздық мәртебесін беру рә­сім­дері өзгеріп, оған жауап­кер­шілік күшейтіледі, жұмыс­тан босап қалған адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары әрта­рап­тандырылады. Ұсынылған ережелер Халық­аралық еңбек ұйымының негізгі қағи­даларына, сондай-ақ, Эконо­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымының көптеген елде­р­інде қолданылатын жұмыспен қамту үлгілеріне сәйкес келеді. Баяндамада айтылғандай, «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне халық­ты жұмыспен қамту мәсе­лелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасымен «Жер­гілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы», «Міндетті әлеу­меттік сақтандыру туралы», «Зейнет­ақымен қамтамасыз ету туралы», «Кәсіби одақтар туралы» заң­дарға түзетулер енгізіледі. Атап айт­қанда, халықтың жекелеген топтары әлеуметтік қорғау, жұмыс беру­шілерді жұмыссыз азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарна­ларын төлеуден босату және жұмыс­пен қамту мәселелерінде кәсіби одақ­тардың рөлін күшейту шаралары туралы айтылды. Таныстыру қорытындысы бо­йынша министр сенаторлардың сауал­дарына жауап берді. Сенат­тағы жұмыс топтары мен коми­тет­тердің отырыстарында еңбек нары­ғын реттейтін заң жобалары бо­йынша жұмыстар жалғасатын болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».