жасау үнді дәрігерлерінің қолдарынан келді
Үндістан ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғаламдық қауіп-қатер ретінде жариялаған Зика вирусына қарсы вакцинаны ойлап тапқанға ұқсайды. Осы елдің NDTV телеарнасының хабарына қарағанда, жаңа вакцина сынақтан табысты өтіпті.
«Зика вирусының жайына келсек, біз әлемдегі осыдан тоғыз ай бұрын оның патентіне тапсырыс берген бірінші компания болып табыламыз», – деді Bharat Biotech International Limited компаниясының басшысы Кришна Элла.
«Бізге Bharat Biotech компаниясында сондай вакцинаның бар екені жөнінде ақпар келіп жетті. Біз оны ғылыми тұрғыда зерттеп көретін боламыз. Сондай-ақ, оны бұдан әрі жылжытуға мүмкіндік береміз. Бұл Make in India науқаны шеңберінде жасалған өте жақсы қадам болып табылады», – деді медициналық зерттеу жөніндегі үндістандық кеңесші Соумья Сваминатхан.
Еске сала кетейік, Америка мен Канада ғалымдары бұған дейін Зика вирусына қарсы вакциналар жасаумен жылдың соңына дейін індете айналысатындарын мәлімдеген еді.
Мұрат АЙТҚОЖА.