• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ ӘЛЕМ

170 рет
көрсетілді

  Рим Папасы Франциск Бірінші көркем фильмге түспекші Рим Папасы Франциск «Күннің арғы бетінде» деп аталатын шым-шытырық оқиғалы отбасылық көркем фильмге түспекші болып отыр. Аталмыш жұмыс оның бұл саладағы дебюті болмақ. Картинаны түсіру 2016 жылдың бірінші жартысында Италияда басталады. Лентаның негізін «Жаңа өсиет», он екі апостолды көрсететін балалар құрайды. Осындай фильм жасауды понтификтің өзі ұсынған екен. Моцарттың музыкасы ақыл-ой қабілетін арттырады Қытай ғалымдары арнайы тәжірибе жасап, Моцарт музыкасының ағзаға нақты қаншалықты әсері болатынын тексеріп көрді. Зерттеушілер бірнеше күн бойы ұлы композитордың пьесаларын 100 тышқан қамалған тордың жанында ойнатып қойған. Олардан кейін 60 студент сынақтан өткен. Сонда соңында Моцарт туындыларының адамдағы нейрондар мөлшерін көбейтіп, мидың жақсы жұмыс істей бастайтынын байқатқан. Лансароте аралында бірінші суасты музейі ашылғалы тұр Канар аралдарының бір бөлігінде салынатын бұл музей Еуропа құрлығындағы осы тектес бірінші мекенжай болмақшы. Музейді жасауға 800 мың еуро қаржы бөлінген. Мұны жасайтын британиялық мүсінші Джейсон Тэйлор бұған дейін Багам, Канкуне және Антиль аралдарында ғажайып ғимараттар мен бас­паналарды өмірге келтірген екен. Ол осыған арнап өзі жинаған 300 мүсінінің дайын болған 35-ін су астына түсіріп қойған. Ал Лас-Колорадос түбінде орналасатын сузей 400 шаршы метрді жерді алып, 15 метр тереңдікке табан тірейді. Үш әйел Сауд ханзадасының қалтасын қақты АҚШ федералды соты Сауд ханзадасы жұмыстан заңсыз шығарып жіберген үш жүргізуші әйелге өтемақы төленуін міндеттейтін шешім қабылдады. Енді ханзада Абдуррахман бин Абдул-Азиз судья Джоан Эриксеннің ұйғарымы бойынша, Гретхен Купер, Барбара Херолд және Лиза Бутелль есімді келіншектердің әрбіріне бір мезгілдік 130 000 доллар ақы төлеуі тиіс. Миннеаполис штатында тұратын бұларды ол 2012 жылы әйел жүргізушінің қызметін пайдаланғысы келмегендіктен, жұмыстан шығарған екен. Германияда далаға тасталған диваннан 15 мың еуро табылды Немістің Эрфурт қаласында күл-қоқыс жинаушылар далаға тасталған диванның ішінен 15 мың еуро тауып алды. Нәтижесінде, осы іспен айналысушы көлік компаниясы шығарылған диванның иелерін іздестіріп, оның 80 жастағы отбасылық жұпқа тиесілі екенін анықтады. Зейнеткерлер жаңа қонысқа көшіп келген кездерінде ескі диваннан құтылмақшы болған. Бірақ оның қуысына тығып қойған ақшаларын ұмытып кетіпті. IPhone-ның сымсыз қуат алатын жаңа түрі Жақын арада саудаға шығарылатын iPhone байланыс құралының келесі моделі қуат алар қайнарына жақын орналасқан жағдайда сонымен өзінен өзі заряд ала беретін болып шықты. Apple компаниясы қазір сымсыз қуат алудың өзіндік технологиясын талдап жатыр. Мұндай смартфондар 2017 жылы-ақ сауда орындарына шығарылып қалатынға ұқсайды. Компанияда жалпы мұндай бірнеше жобаның патенті бар. Бірақ әзірге ресми мәлімдеме жоқ. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.