• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

«Аспанның мәңгілік назарында» фильмінің тұсауы кесілді

233 рет
көрсетілді

  Кеше Қазақстан Республикасының ұлттық музейінде Бақыт Қайырбековтің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған авторлық жобасы – «Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының желісімен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы әзірленген. Фильмде елдің басты тарихи оқиғалары – Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, баяндала келе тәуелсіз Қазақ­станның құрылуына, сондай-ақ, елордамыз Астана мен заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи тұлғасы мүсінделген. Фильмнің әр сериясы өз алдына жеке туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтарды, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы темір қорытатын пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі. Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге, қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген фило­софиялық, дүниетанымдық туынды десек те болады. Еске сала кетейік, 2015 жылы Вашинг­тон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде ағылшын тіліндегі және Нью-Йорк қаласындағы Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында алғашқы екі сериясының тұсаукесері өткен болатын. Фильм америкалық ауди­торияда үлкен қызығушылыққа ие болып, Қазақстанның шетелдегі мәдени мәртебесін нығайтқаны сөзсіз. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».